Келесі жылы Павлодардың барлық көшелеріне газон егіледі
Көгалдандыру жұмыстары 2025 жылдың бюджетінде қарастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында биыл 24 мың шаршы метр аумағында көгал егу жоспарланғаны туралы жазды.
– Өткен жылы біз қала көшелерінде шалғынды көгалдар егуге бюджет қаражатын қарастырдық. Қазіргі уақытта жұмыстар Ак.Шөкин, Торайғыров, Баян батыр, Олжабай батыр көшелерінде 80 %-ға және ішінара Назарбаев даңғылы бойынша орындалды,– деді қала әкімі.
Шалғынды көгалдар жақсы өседі және ағылшын көгалдарымен салыстырғанда бірнеше есе арзан және аз күтімді қажет етеді.
Хасар Хабылбеков ТҮКШ бөліміне келесі жылы қаланың барлық көшелерінде шалғынды көгалдар егу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.