Асайын Байханов: Құрбан айт – бауырмалдық пен имандылыққа жетелейтін мейрам

Асайын Байханов: Құрбан айт – бауырмалдық пен имандылыққа жетелейтін мейрам

Облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісінде ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Қасиетті Құрбан айт – жалпы адамзатты жақсылық пен ізгілікке, бауырмалдық пен имандылыққа жетелейтін мейрам. Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен сауапты істерімізді және шалған құрбандықтарымызды қабыл етсін! Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт жүректеріңізге жарқын үміт ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімдеріңізді нығайта түссін, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ әр шаңыраққа амандық, береке-бірлік, мол бақыт және жақсылық, еліміздің мерейі үстем, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы әрі тыныштығы мәңгілік болуын тіледі.