Павлодарда жылыту маусымы басталды
Бірінші кезекте әлеуметтік мекемелерде жылу беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодарэнерго» АҚ-ның хабарлауынша, облыс орталығында қалалық әкімдік қаулысына сәйкес жылыту маусымы басталды.
– 18 қыркүйектен бастап әлеуметтік сала объектілері мен мемлекеттік мекемелерге жылу бірінші кезекте қосылады. Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік объектілер жылу қабылдауға дайын,–делінген хабарламада.
Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілу күні туралы қосымша ақпарат хабарланатын болады.