Павлодарда полицейлердің саптық байқауы өтті

Павлодарда полицейлердің саптық байқауы өтті
Фото: Павлодар облыстық ПД

Саптық байқауды полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов басқарды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпті нығайту, қызметкерлердің бірыңғай саптық дағдылары мен саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында Орталық стадионда жеке құрамының дәстүрлі саптық байқауы ұйымдастырылды. 

Ведомствоның басшы құрамы полиция қызметкерлерінің қызмет атқаруға дайындығын, жазғы нысанды киім-кешектердің, қызметтік куәліктер мен жеке жетондардың сәйкестігін тексерді.

Саптық бөлімшелер қызметкерлерінің киім-кешектеріне ерекше назар аударылды, өйткені олар алдыңғы қатарда және азаматтармен тығыз байланыста болады. Сондай-ақ, жеке құрамға қызмет атқару кезінде адам мен азаматтың құқықтарын сақтау талаптары түсіндірілді.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орынбаев құқық қорғау органдарының қызмет атқаруға дайындығын оң бағалады және өңір тұрғындары полиция қызметкерлерінен өздерін қорғаушыларды көруі керек екенін атап өтті.

– Олар кез келген жағдайда өз тыныштықтарын нағыз кәсіпқойлар қорғайтынын біле отырып, қауіпсіз сезінуі керек, –  деді  Жандос Орынбаев.

Сондықтан полицейлер азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және әдепті болуы, формалы киім кию ережелерін сақтай білуі тиіс.