Себеттер, бөлме гүлдері: Павлодарлық қолөнершілер Астанаға көрме арнады
Жиында каламыздың шығармашыл тұрғындарының жұмыстары койылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған көрме-жәрмеңкеде павлодарлық суретшілердің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық еңбектері көрініс тапты.
Іс-шара мемлекеттік мереке Астана күніне орайластырылып отыр. Қазакстандықтар үшін Астана – еліміздің нағыз жетістігі мен құндылығы. Басқа елдердің өкілдері үшін елорда бүкіл Қазақстанды бейнелейді.
– Мен қазір зейнеткермін. Бүгінгі жәрмеңкеге өз қолыммен жасалған себеттер алып келдім. Бұл іспен айналысып жатқаныма 4 жыл болды. Мереке қарсаңында жеке туындыларымен бөлісемін деп ұйымдастырушыларға ниет білдірдім, – дейді көрмеге қатысушы, қолөнерші Күләш Үтебаева.
Сондай-ақ, қала тұрғындары этникалық стильдегі зергерлік бұйымдарды, павлодарлық суретшілердің картиналарын, «Фиалочка» клубының мүшелері өсірген әдемі бөлме өсімдіктерді, «Мастерица» клубының қолөнершілерінің эксклюзивті тоқыма бұйымдарын және қолдан жасалған ойыншықтарды тамашалап, сатып алды.
Бұдан бөлек, кітап сүйер қауым үшін «Астана – елдің жүрегі» атты кітап көрмесі ашылды. Онда бас қаламыздың тарихын, еліміздің өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани маңызын баяндайтын кітаптар ұсынылды.
Айта кетейік, мерекелік іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.