«Әсем киім – әйел ажары». Павлодарда сәнді киімдер байқауы өтті
Облыс бойынша 11 тігінші дизайнер қатысып, халыққа өз туындыларын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Достық үйінде» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Әсем киім – әйел ажары» атты мұсылман әйелдерінің шариғи киім үлгісі, дизайнерлік киімдер байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.
Аталмыш шарада төрт киім үлгісі көрсетілді: күнделікті өмірге, той мерекелерге арналған, кеңселік киім, спорттық киімдер.
Бірінші орынды Павлодар қаласынан Назымгүл Сәкенова, екінші орынды Екібастұздан келген қолөнерші Гүлбақыт Қансызбай, ал үшінші орынды павлодарлық дизайнер Айгүл Мұсаева иеленді. Сондай-ақ, алғашқы үш орынға ақшалай сыйлықтар берілсе, басқа қатысушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, сәнді киімдер байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.