Аяусыз пышақ салған: Павлодарда күдікті ұсталды

Аяусыз пышақ салған: Павлодарда күдікті ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде Мүткенов көшесінде қолында пышағы бар ер адам екінші адамға пышақ салғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталған.

– Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.