Павлодарда шоуға келген Израиль азаматы қамауға алынды
Ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ВАЗ 2108 автокөлігін тоқтатқан. Рөлде мас жүргізуші болған және оның алкоголь тұтынғанын сараптама растаған. Жүргізуші көлік құралын жүргізуден шеттетіліп, көлік айып тұрағына қойылды.
– Жүргізушінің Израиль азаматы екендігі, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар екендігі анықталды. Өңірде өткен «Rally-2024» спорттық шоуына қатысу үшін Павлодарға келген, – деді департаментте.
Сот оған он бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 54 жүргізуші анықталған.