Павлодарда шиномонтаж шеберханасында күзетшіні күйік шалды

Павлодарда шиномонтаж шеберханасында күзетшіні күйік шалды
Фото:pixabay.com/Ralphs_Fotos

Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, таңғы сағат 07:30-да Сұрағанов көшесі, 21/1 мекенжайы бойынша шиномонтаж шеберханасында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. 

Өрт орнында 75 жастағы күзетші зардап шекті. Апаттар медицинасы орталығының бригадасы оған көмек көрсетіп, ауырлығы орташа денесінің 15 % күйікпен №1 қалалық ауруханаға жеткізді.