Ақсулық бишілер Ресейде өткен чемпионатта күміс алды

Ақсулық бишілер Ресейде өткен чемпионатта күміс алды

«ЭКШЕН» би академиясы көршілес елде өткен «YOU CHAMP»  атты заманауи би чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, команда қойылым алдында Қазақстанның туымен сахнаға шыққан кезде көрермендер Қазақстан командасына қошемет көрсеткен.

 - Чемпионатта басқа елден келген көптеген бишілер болды. Сондай-ақ, Санкт-Петербург, Пермь, Омбы, Томск, Мәскеу сынды қалалардың бишілері де бақ сынасты,- деді Ақсу қаласы әкімдігі.

Сайыстың қорытындысы бойынша Новосібір қаласының бишілері алса, күміс жүлде еліміздің намысын қорғап барған ақсулық бишілерге бұйырған. Үшінші орынды Омбы бишілері алды.

Сыйлық ретінде команда АҚШ пен Ресейдің хореографтарынан жыл сайынғы тегін шеберлік сабақтарына сертификат, мүсінше және дипломдар алды.

Сонымен қатар, топ мүшелері «Танцы на ТНТ» телебағдарламасының хореографтарынан әртүрлі би стильдері бойынша сабақ алды.