Баянауылда жабайы қабандар әуеден видеоға түсті
Жануарлар ұлттық парктің орманды алқабында еркін жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мәліметінше, жабайы қабандар аумақты кезекті әуеден бақылау кезінде байқалған.
Әуеден мониторинг жүргізген мамандар орманды алқап арасында жүрген қабандар тобын видеоға түсіріп алды.
– Әуеден жүргізілетін бақылау ұлттық парк аумағын шолып, табиғи ортадағы жануарлардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады ұлттық паркте.
Жабайы қабан – Баянауыл ұлттық паркінің жануарлар дүниесін мекендейтін түрлердің бірі. Әуеден түсірілген кадрлар олардың табиғи ортадағы қозғалысын бақылауға мүмкіндік берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram