Ақтоғай ауданының тұрғындары мал сою алаңын ашуды өтінді

Ақтоғай ауданының тұрғындары мал сою алаңын ашуды өтінді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалаулы ауылдық округіне қарасты Шолақсор және Балтасап ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Кездесу барысында жаңадан сайланған ауыл әкімі таныстырылып, 2024 жылдың қорытындылары шығарылды және 2025 жылға арналған жоспарлар атап өтілді. Ауыл тұрғындары елді мекендердің дамуына қатысты маңызды мәселелерді белсенді түрде талқылады.

Тұрғындар малды өткізу және қажетті анықтамаларды алу процесін жеңілдету мақсатында ауылда мал сою алаңын ашу мәселесін көтерді. Осыған байланысты кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне мал сою алаңдарын ашуға арналған жеңілдетілген несие туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды, – деді Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов. 

Сонымен қатар, кездесуде Балтасап ауылында тұрақсыз мобильді байланыс, автопавильон орнату және жеңілдетілген су құбырын салу мәселелері талқыланды. Барлық көтерілген сұрақтар бақылауға алынды.

Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өз сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді.