Павлодарда зейнеткерлер 1 қазанда қоғамдық көлікте тегін жүреді

Павлодарда зейнеткерлер 1 қазанда қоғамдық көлікте тегін жүреді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жеңілдік барлық автобус және трамвай бағыттарында қолданылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Қарттар күніне орай зейнеткерлік жасқа жеткен тұрғындарға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі беріледі.

– 1 қазанда зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар қаланың барлық автобус және трамвай бағыттарында тегін жүре алады, – деп хабарлады бөлімде.

Жеңілдік Қарттар күніне орай бір күн бойы қолданылады.