Май ауданының тұрғыны досын капотқа отырғызып сүйреткен (ВИДЕО)

Май ауданының тұрғыны досын капотқа отырғызып сүйреткен (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізуші басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күн сайын @dp_pavlodar парақшасының директіне бей-жай қарамайтын азаматтардан жол қозғалысы ережелерін бұзған видеолар мен фотосуреттер түседі. Бұл жолы да жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі туралы тағы бір видео түскен. 

– Май ауданы ауылдарының бірінде жүргізуші ауыл тұрғынына капотта жатып автокөлікпен жүруге рұқсат бергені анықталды. Сонымен қатар, ВАЗ-2112 маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші де көлігімен  дрифт жасаған. Жүргізуші өзінің рұқсат етілмеген әрекеттерімен басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді, – деді департаментте.  

Апатты жағдай туғызып, жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)