Ақсуда тәрбиешілер жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді

Ақсуда тәрбиешілер жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Ұлттық құндылықтар білім мен тәрбие негізінде» атты ауқымды оқу-әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Гуманитарлық пәндер бөлімі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жаңа әдістемелер көрсетілді. Іс-шараға қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Абылғазина, Ақсу қалалық білім бөлімінің әдіскері Эльвира Сағандықова, педагогика ғылымдарының докторы, Марғұлан университетінің оқытушысы Татьяна Фомина және №18 сәбилер бақшасының әдіскері Калимаш Сыздықова қатысты.

–Тәжірибелік шеберлік-сыныптарында қатысушылар өз қолдарымен кішкентай бүлдіршіндердің шығармашылық ойлау, қиял, сөйлеу және ұсақ моторикасын дамытуға арналған оқу құралдарын жасады. Сонымен қатар, тәрбиенің ерекше тәсілдерінің бірі –арт терпияның көмегімен баланың экологиялық тәрбиесі мен жан-жақты дамуына тоқталды, – деді колледж әкімшілігінде.

Мектеп жасына дейінгі тәрбиешілерге жасанды интеллект тәрбиешінің жұмысында қалай пайдалануға болатыны көрсетілді.

Арнайы пән оқытушылары тыңдаушыларға ЖИ-мен пайдалы қызметтер мен платформалар «Pinterest», «Canva», «Gamma», «QuickQR.Art», «Wondershare Virbo», «D-id» туралы айтып берді.

Тренинг аяқталғаннан кейін әрбір қатысушыға сертификат табыс етілді.