Аққулы ауданының ауылында демеушілер есебінен байланыс мұнарасы орнатылады

Аққулы ауданының ауылында демеушілер есебінен байланыс мұнарасы орнатылады
Фото: Константин Шелков

Жамбыл ауылы аудан орталығынан сегіз километр қашықтықта орналасады. Десе де сигналдың қуаттылығы жеткіліксіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Жамбыл ауылдық округінің әкімі Нұрман Айтуғановтың айтуынша, Аққулы ауданының екі ауылында жуырда ғана мемелекеттік бағдарлама бойынша байланыс мұнарасын орнатқан. Енді оларда сапалы интернет пен байланыс бар. Алайда Жамбыл ауылында бұл мәселе әлі де шешілмеді. 

Ауылда 1187 адам тұрады. Тұрғындар шөп шауып, ауыл шаруашылығымен айналысумен күн көреді.  

– Бізде үлкен шаруашылық бар – «Агросервис Аққу» ЖШС.  Басшысы Әлібек Несіпбеков бізге ауылға мұнара сатып алуға бір миллион теңге береді, – деді округ әкімі. – Мұнараның биіктігі – 25 метр. Тасымалдау және орнату үшін тендер өткізілді. Экономиканың нақты секторы бөлімі 2,5 миллион теңге бөлді. Енді биыл мұнара орнатамыз.

Әкімнің сөзінше, мұнараны орналастыру жерін ауыл тұрғындарымен келісілген. Болашақ мұнара ауылдың орталығында орнатылмақ.

Нұрман Айтұғановтың мәліметінше, биыл аудандық бюджеттен жалпы ұзындығы 6,1 шақырым жолдар жөнделіп, саябақтарға асфальт төселіп, көшелер толығымен жарықтандырылды. Сондай-ақ  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылдық мәдениет үйі қалпына келтірілген.