Павлодарлық жастар «Insta сөздік» арқылы қазақ тілін үйренуде

Павлодарлық жастар «Insta сөздік» арқылы қазақ тілін үйренуде

Әр шығарылымның өзіндік тақырыбы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар мемлекеттік тілді үйренуге ниет білдірген жандарға «Инста сөздік» деп  аталатын қызықты шығармашылық жоба арқылы қазақ тілін үйретеді. 

– Ассамблея белсенділері мемлекеттік тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуы бойынша қысқаша бейнероликтер түсіреді. Әр шығарылымның өзіндік тақырыбы бар. Мәселен, «Халкъан барт» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Тамерлан Манзиев «Табыс» тақырыбында сөздік дайындады, – дейді облыстық «Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рамиль Смайылов. 

«Ассамблея жастары» Қазақстан тарихын зерделеуге және ҰБТ тапсыруға көмек көрсетуде. Сабақтар Достық үйінде тегін өткізіледі.

– Тестілеуге дайындықты еркін форматта және кейс арқылы өткізудеміз. Бізде дайындалған жастар жақсы көрсеткіш көрсетуде, – дейді Рамиль Смайылов. – Жастарымыз  «киіз үй құру бойынша шеберлік сағаты» сынды Қазақстан халқы ассамблеясы өткізетін барлық шараларға қатысады. Сонымен қатар, облыстық «Ұлтық киім – ұлттың көркі» ұлттық сән көрсетілімі, «Жігіт сұлтаны» байқауы сияқты түрлі кездесулер мен тікелей эфирлерде белсенділік танытады. 

Биылғы жылы этномәдени бірлестіктердің жастары жоғары инновациялық көпсалалы колледж, сервис және тамақтану колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, Қарттар үйінің тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға  «Көңілді жарыстар» ұйымдастырды. 

Айта кету керек, «Жастар ассамблеясының» мүшелері Марғұлан және Торайғыров университеттерінде бірыңғай сабақ өткізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ассамблея жастары (@assembly_jastary_pavlodar)