Бала жансақтауда: Атамекенде үйі жанған отбасы қиындыққа тап болды

Vita еріктілер ұйымы зардап шеккен отбасыға жылу жинауды бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
4 ақпанда Атамекен кентінде үй өртеніп, отбасының барлық қажетті заттары жанып кеткен. Отағасы 1-топтағы мүгедек, Даун синдромы бар ұлын көтеріп алып шыққан. Бала сымдар тұйықталған кезде мысығымен бірге ұйықтап жатқан. Мысығы өліп қалған, ал бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр және жағдайы өте ауыр деп бағаланады.
– Баланың анасы мен әкесі жергілікті емханада жұмыс істейді. Бүгінде тұрғын үйді жалға алуға мәжбүр, өйткені үйі қолайсыз, жөндеуді қажет етеді, – дейді еріктілер.
Мұндай кезде қиындықпен жалғыз күресу қиын, сондықтан қол ұшын созуға дайын мейірімді жандар болса, атсалысуға шақырамыз. Мұндай қиындықты бастан өткерген адамдар ұзақ уақыт бойы моральдік және материалдық қолдауды қажет етеді.
Зардап шеккен отбасының реквизиттері:
Kaspi gold: 4400 4302 2049 6985
Kaspi gold картасына тіркелген нөмір:8 747 808 76 51 (Ерхана А)