Павлодарлықтарға уақытты тиімді басқаруды үйретеді
Тренингке қатысу тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жеке тиімділік және өзін-өзі басқару» атты ИнЕУ доценті, PhD докторы, «Про-бизнес» кітап клубының негізін қалаушы Салтанат Жанұзақованың тренингі өткізілмек.
– Бұл тренингте SMART мақсаттарын анықтауды, міндеттерді тиімді жоспарлау мен уақытты басқаруды үйренесіз. Сонымен қатар, энергияны басқару, күйзелісті азайту және өнімділікті арттыру бойынша практикалық дағдыларды меңгересіз, – дейді ұйымдастырушылар.
Тренинг 11 шілде күні 16:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді. Тіркеу – ашық, орындар саны шектеулі.
Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін +7 (707) 665 5803 нөміріне жазуға болады.