Баянауыл ауданының көлдері ластаушы заттарға тексеріледі

Жасыбай, Торайғыр мен Сабындыкөлден су сынамалары алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалы және Баянауыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп мемлекеттік су нысандарының су сапасының жай-күйін мониторингтеу жоспары аясында үш көлден су сынамаларын іріктеп алды.
– Баянауыл көлдерінің су сапасын мониторингтеу жылына екі рет жүргізіледі. Ағымдағы жылы су сынамаларын іріктеу үш рет – шомылу маусымы басталғанға дейін, маусымның қызған шағында және аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Құрғақ қалдық, аммоний тұзы, жалпы қаттылық, хлоридтер, магний, кальций, нитраттар, нитриттер, сондай-ақ мұнай өнімдерінің құрамының көрсеткіштері зерттеледі, – деді департаментте.
Зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша көрсетілген ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясынан (ШЖК) асу фактісі анықталады немесе теріске шығарылады.