Павлодарда мектеп оқушылары қаланы пластиктен тазартты

Павлодарда мектеп оқушылары қаланы пластиктен тазартты
Фото: pixabay.com / pasja1000

Бұл шара оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында №36 мектеп пластикалық бөтелкелер мен қақпақтарды жинауға арналған «Таза елге – ақ жүрек» челленджін бастады.

Бұл челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

№36 мектептен кейін челленджді №29, №14, М.Жүсіп, Малайсары батыр атындағы мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернаты жалғастырады.