Баянауылда жас қарағайларға ерекше күтім жасалуда

Баянауылда жас қарағайларға ерекше күтім жасалуда
Фото: Мұрат Жаслан

Көшеттердің тағдыры күзгі түгендеуде белгілі болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесінде биыл 215 гектар аумақта жас қарағайларды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Оған 60 мемлекеттік инспектор жұмылдырылған.

Ағымдағы жылы отырғызылған қарағайлар Жасыбай бөлімшесінің 20 гектар аумағын қамтиды. Ал былтыр 40 гектарға, 2024 жылы 7 гектарға ағаш отырғызылған.

Биылғы екпелерге күтім бір рет жасалады. 2024 және 2025 жылдары отырғызылған ағаштарға жылына екі рет агротехникалық жұмыстар жүргізілген.

Баянауыл МҰТП ғылыми қызметкері Мұрат Жасланның айтуынша, қарағайларды орманмен көмкерілген жер санатына ауыстыру үшін олардың 6-7 жылға толуы жеткіліксіз. Бұл ретте өсімдіктердің жерсінуі, өміршеңдігі, орташа биіктігі, тығыздығы және жалпы жағдайы ескеріледі.

– Көшеттердің нақты қанша пайызы жерсінгенін биылғы күзгі түгендеуден кейін анықтай аламыз. Инвентаризация қыркүйек және қазан айларында жүргізіледі, – деді ол.

2024 жылы орман екпелерінің жерсіну деңгейі 87 пайызды құраған. 2025 жылы сақталу көрсеткіші 80 пайыз болған. Ал 2024 жылы 73,6 гектар аумақтағы агротехникалық жұмыстарға 25 мемлекеттік инспектор тартылған.

Биыл отырғызылған қарағайлардың жерсіну нәтижесі күзгі түгендеу қорытындысынан кейін белгілі болады.