Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көліктер шеруі басталады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көліктер шеруі басталады
Фото: worldnomadgames.kz

Болашақ ойындарының бас олжасы жаңа экспедиция үшін ғарыштан оралды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жолы көліктер шеруі Халықаралық фиджитал қозғалысына қатысушы елдерге барады. Trophy Tour – бұл физикалық және цифрлық өлшемдегі жарыстарды біріктіретін фиджитал спортының жанкүйерлеріне арналған халықаралық көлік шеруі.

ХҒС-та планетаны сансыз көп айналған, ғарыштық энергиямен қуаттанған, 2024 жылғы аңызға айналған Болашақ ойындарының бас олжасы әлем бойынша Tro-Phy-Gital tour көліктер шеруінің құрамында жердегі қорытынды айналымын жасайды.

Көліктер шеруінің бастамашылары – фиджитал спортының қатысушылары мен жанкүйерлері және Халықаралық фиджитал қауымдастығының мүшелері. Халықаралық жобаның бастау алатын нүктесі Қазақстан болмақ. Астанадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты сахнасында Олжаны жаңа сапарға жөнелту рәсімі өтеді: Кеңес Одағының Батыры, Ресей Федерациясының Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері Сергей Крикалев ХҒС-тан оралған Олжаны шерудің қатысушыларына табыстайды. 

Экспедиция мүшелері Олжаны төрт апта ішінде мыңдаған шақырым жолды басып өтетін, Ульянов автокөлікзауытынан шыққан, уақыт сынынан өткен «Буханкаға» жүктейді. 

Олжаны осы жазда VK қауымдастықтарымен жұмыс жасайтын департаменттің қолдауымен өткен Халықтық жарыстың жеңімпаздары, сондай-ақ арнайы шақырылған фиджитал спортының шетелдік жанкүйерлері мен республикалық жарыстардың жеңімпаздары алып жүреді. 

Олжаның жол жүру бағыты Дүниежүзілік фиджитал қозғалысына кіретін елдерді қамтиды. Бірінші кезеңде Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Катар болады.  

 Салтанатты шара «Көшпенділер ғаламы» этноауылының бас сахнасында сағат 15:15-те басталады.