Қазақстанда Республика күніне орай маңызы бар нысандар бой көтеруде

Қазақстанда Республика күніне орай маңызы бар нысандар бой көтеруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

200-ге жуық жаңа әлеуметтік маңызы бар және өнеркәсіптік нысандар ашылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Республика күніне орай бүкіл еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға дейін 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Мысалы, Екібастұзда «KAZFERROLIMITED» ЖШС-ның алғашқы ферроқорытпа зауыты ашылды. Жаңа кәсіпорынның қуаттылығы жылына 60 мың тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Зауыт халықаралық экологиялық және технологиялық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетін екі заманауи электр пешімен жабдықталған.