Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр
Фото: Ақордадан

Ауқымды шараға 4 мемлекеттен келген өкілдер қатысуда,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.  

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.