Астаналықтар Үндістанның астанасына тікелей рейспен жете алады

Астаналықтар Үндістанның астанасына тікелей рейспен жете алады
Фото:pixabay.com

Көктемде жаңа рейстер орындалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен «Indigo» Үнді «лоу-кост» әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

14 мамырынан бастап «Indigo» әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады, – делінген хабарламада.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, Air Astana қазақстандық әуе компаниясы 20 сәуірден бастап «Airbus» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде.