Павлодарда кондитерлер арасында ерекше байқау өтеді

Павлодарда кондитерлер арасында ерекше байқау өтеді
Фото: pexels.com

Торттар Республика күніне орай безендірілуі тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығы кондитерлер арасында «Uzdik Maman» байқауын жариялады. Оған Павлодар облысында тұратын 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау тәжірибелі және әуесқой кондитер аспаздары арасында өтеді. 

– Тортта тәуелсіздік рухы, мәдени мұра, ұлттық рәміздер, көрнекті орындар және республикамен байланысты басқа да элементтер көрсетілуі шарт болып табылады, – делінген хабарламада. 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 10 қыркүйектен 16 қазанға дейін жалғасады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталады. Қосымша ақпаратты 8 (7182) 66-12-41, +7 771 130-32-73 телефон нөмірлері арқылы білуге болады.