Ең мықты павлодарлық футболшы қайда еңбек ететін болды?
«Ертістің» 23 жасар түлегі «Ақтөбе» үшін ойнауды жалғастырмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов батысқазақстандықтармен келісімшартын ұзартты. Павлодарлық футболшы команда үшін 2022 жылдан бері ойнап жүр. Өткен маусымда ол 25 матч өткізіп, алты гол соққан, оған қоса ол ұлттық құрама сапында үш кездесу өткізді.
- Әрине, командада қалу шешімі мен үшін оңай болған жоқ, бірақ мен «Ақтөбеде» қалғаныма қуаныштымын, - дейді Арман Кеңесов. – Менің анам осы қаладан, осы қалада қызым дүниеге келді. Осы себептер менің қалуыма әсер етті. Жекелей ешқандай мақсат қоймаймын, бастысы – чемпионаттағы жеңіс. Біздің жанкүйерлер чемпиондық атаққа қол жеткізбегеніне біраз болды.
Айта кетейік, «Ақтөбе» сапында тағы бір павлодарлық – Дмитрий Шомко ойнайды. Екібастұздық өрен мансабының біраз бөлігін «Астана» үшін өткізіп, соның сапында алты бірдей алтын медальге ие болды. 33 жасар Дмитрий Шомко – ақтөбеліктердің капитаны.
Өткен маусымда ҚПЛ-дың «ең павлодарлық командасы» чемпионатта үшінші орында аяқтады.