Павлодарлық жаттықтыратын ұлттық құрама Америкаға жолдамаларды бөлмек

Қазақстандық футболшылар 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің шешуші матчтарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
13 қазан күні павлодарлық Талғат Байсуфинов жаттықтыратын еліміздің құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. Матч Балқан мемлекетінің астанасы Скопьеде өтеді. Күні кешек бас бапкердің міндетін атқарушы, ұлттық құрама ойыншысы Әлібек Қасым баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында Талғат Байсуфинов алдағы матч турнирлік тұрғыда емес, командалық байланыс орнату және ұлттық құраманың көрсеткішін тұрақтандыру үшін маңызды екенін атап өтті.
- Біз өз футболымызды көрсетуіміз керек, жақсы ойнауымыз керек. Матч өте маңызды, әсіресе алаң иелері үшін, бірақ турнир кестесіне қалай әсер ете алатынымыз басқа мәселе. Біз сіздер үшін (Солтүстік Македония құрамасы – автордың ескертпесі) зор мүмкіндік екенін түсінеміз. Бұл ретте өзімізге деген сенімімізді, халқымызды, жанкүйерлеріміздің қуанышын арттыру үшін ауадай қажет ұпай жинаудың маңыздылығын да жоққа шығара алмаймыз, - деді Талғат Байсуфинов.
Бас бапкердің міндетін атқарушы қазақстандықтар алдағы матчта да, 15 қарашада Бельгиямен өтетін матчта да тек жеңіске ұмтылатынын айтты.
Солтүстік Македония мен Бельгия келесі жылы АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатына жолдама алу үшін таласуда. Македониялықтардың еншісінде алты кездесуден 12 ұпай болса, бельгиялықтардың бес ойыннан кейін 11 ұпайы бар.
Солтүстік Македония – Қазақстан кездесуі 13 қазанда өтеді. «QazSport» арнасының тікелей эфирі сағат 23:35-те басталады.