Павлодарда жағажай футболынан ел біріншілігі өтеді

Павлодарда жағажай футболынан ел біріншілігі өтеді
Фото: beachsoccer.kz

Облыс намысын «Арман» клубы қорғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Павлодарда жағажай футболынан Республика кубогы өтеді. Бұл турнирде облыс намысын Болат Аленовтың басшылығымен павлодарлық «Арман» футбол клубы қорғайды. 

Кубок ойындарында жүлдеге Шарбақты ауданының командасы, «Малайсары» футболшылары, Семей қаласының «Barqy», Абай облысының «Spartak» командалары таласатын болады.

Айта кету керек, ел кубогы ойындары Павлодар қаласының Орталық жағажайында 7-9 маусым аралығында өтеді.