Екібастұзда құтқарушылар алты жасар балаға көмектесті
Олар баланың басын баспалдақ қоршау арасынан босатып, шығарып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде баспалдақ алаңында баланың басы баспалдақ қоршау арасында қалып қойды.
– Келген құтқарушылар «Холматро» гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен баланың басын босатып, шығарып алды. Құтқару операциясы 10 минутқа созылды, – деді ведомствода.
Балаға медициналық көмек қажет болмады.