Павлодарда жігіт ағасы үйден шығып, жоғалып кетті

Павлодарда жігіт ағасы үйден шығып, жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғыны – елуден асқан ер адам, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 30 сәуір күні 1971 жылы туған қала тұрғыны Владимир Госсен Лермонтов көшесінің бойындағы тұрғын үйден шығып, қайтып келмеді.

Ерекше белгілері: бойы 175 сантиметр шамасында, көзі көгілдір, шашы қоңыр, орта денелі. Сол қолында «сапер» деген жазуы бар татуировкасы бар, – дейді олар хабарламада. – Киімі: қара күртке, күңгірт-сұр джинс, қара кепке, қара кроссовка.

Еріктілер хабар-ошарсыз кеткен Владимир Николаевич туралы мәліметі бар адамдарды +7(747)615-55-63 – Катерина, +7(777)334-82-01 – Светлана немесе 102 қызметіне хабарлауды сұрайды.