Железин ауданында адам өлтірген қылмыскер балабақшада жұмыс істеген

Железин ауданында адам өлтірген қылмыскер балабақшада жұмыс істеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сотталған адам балалармен бірге бес жыл жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды. 

– Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен бес жыл жұмыс істеген. Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Ал, бұл еңбек заңнамасында тыйым салынған,– деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде. 

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен аталған қызметкерлер жұмыстан шығарылып, олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы, облыста бес жүзден астам кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды.