Екібастұзда «Жасыл ел» еңбек жасағының санын арттыру ұсынылды

Екібастұзда «Жасыл ел» еңбек жасағының санын арттыру ұсынылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Себебі, табыс тапқысы келетін жастардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық мәслихат депутаты Еркін Құсан Екібастұз қаласы тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі басшысы Абай Серікұлына «Жасыл ел» еңбек жасағының квота санын көбейту бойынша ұсыныс тастады.

–    Ұсынысты айту себебім, аталмыш жоба бойынша жыл сайын тіркелу ашып, соңында өтінімдер астында қалып қоямыз. Мұндағы бірінші себеп қоғамдық жұмысқа қатысып, төрт сағат еңбек етіп, адал жолмен жалақы алғысы келетін жастар саны артуда, – деп жазды Еркін Құсан Instagram парақшасында. 

Абай Серікұлы аталған ұсынысты қарастыратынын жеткізді.