Аққулы ауданында жердің топырағын бүлдірген шаруа екі миллионнан айырылды
Ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық заңнамасын бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті Аққулы ауданында тұрғынның өтініші негізінде мемлекеттік бақылау жүргізген. Оның нәтижесінде тауар өндіруші тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын алып тастағаны анықталды.
Аталған факт бойынша шаруа иесі ҚР ӘҚБтК-нің 337-бабы бойынша жерді бүлдіргені үшін айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 700 АЕК, яғни 2 миллион 584 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл сомасы мемлекет кірісіне төленді.