Екібастұзда «Атамұра» орталығына миллион теңгелік сертификат табысталды
«Өнер» мәдениет сарайында ұлт мұрасын ұлықтап жүрген орталық өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Салтанатты іс-шара орталық тарихы туралы деректі фильммен ашылды.
Қала әкімі Аян Бейсекиннің атынан өнер ұжымын мәдениет бөлімінің басшысы Медғат Манапов құттықтап, бөлімнің атынан миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Сонымен бірге бірқатар мәдениет қызметкеріне қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етілді.
«Атамұра» 1993 жылы 16 желтоқсанда ашылды. Алғашқыда үлкен ғұлама билер, атақты адамдар, суырып салма ақындар жайлы деректер жинақтауға арналған мұрағат ретінде жұмысын бастап, кейін тіл туралы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырды. Бүгінде мәдени құндылықтарды, ұлт өнерін насихаттайтын орталыққа айналды.