Павлодарда тарифтердің жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Павлодарда тарифтердің жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Фото: Константин Шелков

Көпшілік тыңдау 2023 жылғы 19 желтоқсан күніне сағат 11.00-ге жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды қоғамдық тыңдауға шақырады. Күн тәртібінде электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге «Павлодарэнергосбыт» ЖШС тарифтерінің жобалары қаралады. 

Өткізілетін орны: Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 7 қабат, мәжіліс залы.

Тікелей эфир департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетіледі 

(https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562).

Департамент жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Анықтама телефоны: департамент – 787098.