Екібастұзда балаларға тәулік бойы көмек көрсететін жоба іске қосылды

Екібастұзда балаларға тәулік бойы көмек көрсететін жоба іске қосылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Буллингке немесе кибербуллингке тап болған балалар мамандардан қолдау ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру бөлімінің мәліметінше, қалада «Сен жалғыз емессің» жобасы іске қосылды. Оның аясында балаларға арналған сенім және құқықтарын қорғау кабинеті жұмыс істейді.

Кабинет білім бөлімі базасында ашылған. Мұнда психологтар мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандар көмек көрсетеді.

Мамандарға буллинг немесе кибербуллингке тап болған, құқықтары бұзылған, өзін жалғыз сезінген немесе психологиялық қолдауды қажет ететін балалар жүгіне алады.

– Сен жалғыз емессің. Біз сені тыңдаймыз. Біз көмектесуге дайынбыз, – деп атап өтті білім бөлімінде.

Көмек алу үшін Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 70А мекенжайына жүгінуге немесе +7 775 688 24 89 нөміріне қоңырау шалуға болады. Осы нөмір арқылы WhatsApp мессенджерінде де байланысуға мүмкіндік бар.

Байланыс желісі тәулік бойы жұмыс істейді.