Идеядан стартапқа дейін: Торайғыров университетінде AI-экожүйе іске қосылды
Жасанды интеллект зертханасы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Зертхана студенттер үшін инновациялық алаңға айналады. Жастар цифрлық шешімдерді жүзеге асырып, IT-жобаларды әзірлеу мүмкіндігіне ие болмақ.
Торайғыров университеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Азизбек Тәліпов атап өткендей, жаңа зертхана болашақ айти-мамандар үшін кең мүмкіндіктер ашады
– Мұнда M4 процессоры бар тоғыз iMac компьютер орнатылған, олар 256 гигабайттық және 16 гигабайттық жедел жадысымен жабдықталған. Бұл нейрондық желілерді оқытуға және модельдер жасауға мүмкіндік береді. Зертхана жобалар мен стартаптарды жүзеге асыруға арналған толыққанды экожүйеге айналады – идеядан аясын кеңейтуге дейін, – деді Азизбек Тәліпов.

Университет базасында Titan IT Advanced Network қауымдастығы құрылды. Ол қазірдің өзінде күрделі міндеттерді орындауға дайын 30-ға жуық жас маманды біріктірді.
– Зертхана AI-Sana бағдарламасының мақсаттарын орындау үшін де қажет. Бұл - студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған бірегей акселератор. Биыл университетте сегіз AI-агент әзірлеу жоспарланып отыр, жобалар оқу орнының жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Қазір идеяларды қалыптастыру үстіндеміз, мүмкін аймақтың басқа салаларына қажет жобалар да дайындалуы мүмкін. Мысалы өңірлік, прокуратура өкілдері бізге психолог агентті әзірлеуге туралы өтініш білдірді, – дейді Азизбек Тәліпов.

Жобаның басты демеушісі ретінде Павлодар облысының әкімдігі ұатысып отыр. 10 миллион теңге көлеміндегі сертификат қаражатына зертханаға заманауи iMac моноблок сатып алынды. Қаржылық сыйлықты университеттің 65 жылдық мерейтойына аймақ басшысы Асайын Байханов табыс етті.
Саясат Нұрбек студенттермен кездесіп, олардың ісіне табыс тіледі. Министр, сондай-ақ, университеттің заманауи зертханаларының жұмысы мен ірі ғылыми жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.