Екібастұзда тағы да төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Бұл жолы ол нысандық масштабтағы сипатқа ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 сәуір күні сағат 17:57-де өрт сөндіру бөлімшесінің байланыс пультіне екі қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
800 шаршы метр шатыр және 2 балконның 8 шаршы метр алаңы өртенді. Себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ. 30 адам эвакуацияланды, оның жетеуі бала.
– Төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысында болған оқиғаға байланысты нысандық ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл қысқа мерзімде тиісті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігінің осы қаулысының жобасы ашық үкімет порталында талқылануда.
Айта кетейік, шығын көлемі белгісіз, қазір бұл бойынша зертхана жұмыс істеп жатыр, ол сонымен қатар болған оқиғаның соңғы нұсқасын атайды.
Еске салайық, өрт Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп, 2 мекенжайы бойынша 2 қабатты тұрғын үйде шыққан. Тілсіз жаудан үйдің шатыры түгел өртеніп кетті. Өрт туралы хабар сағат 17:57-де түсіп, 19:41-де жойылды.