Ақсуда бір шағын аудандағы үйлер жылусыз және ыстық сусыз қалды
Қаладағы тағы бір шағын ауданда жылу өшірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Теплосервис-Ақсу» кәсіпорнының мәліметінше, магистральдық жылу құбырындағы ақауға байланысты №1 шағын аудандағы кейбір үйлер жылудан және ыстық судан ажыратылған.
Ақау сағат 17:00-ге дейін жөнделеді деп жоспарланған.
Осыған байланысты №4 және №6 шағын аудандарда жылу азаюы мүмкін.
- Сонымен қатар, №9 шағын ауданда жылу құбырындағы ақауға байланысты жеке тұрғын үйлер жылу желісінен ажыратылған. Бұнда да сағат 17:00-ге дейін жылу беру көзделген, - деді кәсіпорында.
Жылусыз және ыстық сусыз қалған үйлерді төменде көрсетілген парақшадан көруге болады.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8(71837) 61592.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: ашық дереккөздерден