Екібастұздық әнші бас шыршаның жағылуында су жаңа әнін орындады

Екібастұздық әнші бас шыршаның жағылуында су жаңа әнін орындады

«Қазақстан» кинотеатрының маңы сәулеттік жарықтандыру дизайнымен безендіріліп, әдемі шырша орнатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, бас шыршаны жағу рәсіміне орай концерттік бағдарлама әзірленіп, тұрғындар үшін қаланың шығармашылық топтары өнер көрсетті, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен арнайы қойылымдар қойылды. 

– Алаңға аяз ата мен ақшақарды, сондай-ақ ертегі кейіпкерлерінің шеруін тамашалауға мыңдаған халық жиналды. Меркелік кеште әнші Қуат Құдайқұлов өзінің жаңа жылға арналған су жаңа әнін тарту етті, – дейді бөлімде.

Айта кетейік, тұрғындардың тамаша көңіл-күйге бөленіп, керемет әсер алуы мақсатында жаңа жылдық шыршаның жанында түрлі фотозона аймақтары,  жарықтандырылған арка қойылды. 

Қаланың бас шыршасын тамашалауға келген халықтың көпшілігі шараға белсене қатысып, тамаша көңіл-күймен тарқады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kuat Kudaikulov (@kuatkudaikulov)