Павлодарлық музыкант Бурятиядағы фестивальге қатысты

Өнер жиыны 30 мың көрермен жинады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әңгіме Dose атымен танымал павлодарлық музыкант Айдос Жұмалинов туралы болып отыр. Бұрнағы күні жерлесіміз Бурятияның астанасы Улан-Удэ қаласында өткен «Голос кочевников» фестивалінде өнер көрсетті. Dose Feduk, Макsим және «Крематорий» тобымен бір сахнада ән шырқады.
Көрермендер павлодарлықтардың өнерін ыстық ықыласпен қарсы алды, бұған Айдос Жұмалиновтың әндерімен жазылған көптеген сториз дәлел.
Орал тауларының шығысындағы ең үлкен музыка фестивалі он төртінші рет өтті. Алғашында «Көшпенділер дауысы» этнофестиваль ретінде қабылданып, мәдениеттердің этникалық алуан түрлілігін көрсетті. Бірақ қазір ол көп жанрға ұмтылады және айналамыздағы таңғажайып музыка әлемін ашады. Мұнда заманауи музыкамен қатар, ұлттық әндер, классикалық шығармалар орындалады.