Ертең Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Жәрмеңкеде ет, балық, сүт өнімдер, азық түлік және т.б тауарлар сатылымға шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, шара Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес өтеді.
- 13 мамыр күні өтетін дәстүрлі жәрмеңке Торговая көшесі, 2А құрылысы Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысындағы Jailau базарында болады, - делінген хабарламада.
Жәрмеңкеге Успен, Железин, Шарбақты сияқты ауылдық аудандардың жәңе Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы-2500 теңге/кг, жайа-2500 теңге/кг, төс еті - 2300 теңге /кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті -1900-2100 теңге/кг (жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырға- 1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг), қой еті-1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі- 1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг), шикі сүт – литріне 200 теңге, 1 санаттағы жұмыртқа - 370-420 теңге/оннан бастап, бал - 2000 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы-700-780 теңге/л, картоп, сәбіз – 95 теңге/кг, қырыққабат - 120 теңге/кг.