Павлодарлықтарды кешкі серуендеуден уақытша бас тартуды сұрайды
Қансорғыштардан тосқауылды өңдеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап Орталық жағалау, шаңғы базасы, Усолка бөгеті аумағында шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жоспарлануда.
– Өңдеу кезінде және одан кейін бір сағат ішінде аталған аумақта серуендеуден бас тартуларынызды сұраймыз,– деді облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасында.
Ғылыми сүйемелдеу бойынша облыстық мердігерлік ұйым ЖШС ҒӨК «Биосфера» болып табылады, ал «ВиК ЛТД» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын орындайды. Жұмыстың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандарының тікелей қатысуымен жүргізіледі.