«Ертіс» Қиыр шығыста футбол ойнады

Матч бірнеше жағынан маңызды болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өскеменде өткен «Алтай» мен павлодарлық «Ертіс» арасындағы ойын бір минут үнсіздікпен басталды. Ойыншылар күні кеше қайтыс болған «Хан Тәңірінің» ойыншысы Диас Төлеуді еске алды.
Алтай бөктеріндегі матч Премьер-лигада соңғы жолдаманы үлестіру үшін маңызды болды: егер «Алта» жеңсе, демек жоғарғы дивизионға шықты деуге болар еді. Екінші жағынан, «Ертістің» жеңісі Бірінші лига чемпионы болу мүмкіндігін сақтап қалар еді, сонымен қатар павлодарлықтар 18-ші турда шығысқазақстандықтардан жеңілістің есесін қайтарар еді.
Мұның бәрі жанкүйерлер ымырасыз ойын көре алатынына кепіл болғандай еді, бірақ футбол шын мәнінде ойын басталғаннан кейін бір сағат өткенде ғана басталды. 40 минуттық қақпасыз ойыннан кейін павлодарлықтар есеп ашты: Владислав Васильев күтпеген жерден шабуылды өкшесімен аяқтап, гол соқты.
«Алтай» матчтың соңына қарай ғана ес жиды. Есеп 1:1 болып өзгергеннен кейін ғана көрермендер жеңіске деген құлшыныс танытқан ойыншыларды көрді. Алаң иелерінің бірнеше гол соғатын мүмкіндіктері болды, бірақ олар ұрымтал сәттерде өте күмәнді түрде тайқақсып отырды. «Ертістің» де өз мүмкіндіктері болды, бірақ кездесу тең аяқталды.
Матчтың нәтижесі турнирлік тұрғыдан екі команда үшін де қолайсыз болды. Павлодарлықтар екінші орынға ие алса да, ҚПЛ-ға жолдама алды. Ал тең нәтиже «Алтайдың» Премьер-лигаға шығу мүмкіндігіне өте зор күмән келтіреді.