«Ертіс» футболшыларының басты қарсыластары «әндетіп жүр»
Қос қарсылас Қазақстан футболының ең жоғарғы дивизионы үшін тартысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл Павлодардың «Ертісі» пен Қарағандының «Шахтері» Қазақстан футболының элитасына қайта оралу үшін Бірінші лигада өнер көрсетеді. Кеншілер Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Жаттығулардың бірінде клубтың пресс-атташесі, бұрын «Ақсу», «Екібастұз» және басқа да павлодарлық спорт клубтарында жұмыс істеген Асқар Қайыргелдинов команда ойыншыларының сүйікті әндері туралы пікірлерін сұрады. Олжас Керімжановтың сүйікті әні Анна Астидің орындауындағы «По барам» болды, Юрий Перцух болса, Адриано Челентаноның «Ja tebia liubliu» әнін ұнатады. Айдос Таттыбаев The Weeknd әншісінің «Blinding Lights» әнін тыңдағанды сүйсе, Рифат Нұрмұғамет ALEM – «Kuiim» трегін таңдады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Команданы бұрынғы Чехия құрамасы және Лондондық «Челсидің» ойыншысы Иржи Ярошик жаттықтыруда. Қарағандылық команда өз түлектерін қайтаруда: Игорь Шацкий, Михаил Габышев, Юрий Перцух Қарағандыға оралса, Олжас Керімжанов, Рафаил Оспанов және Рифат Нұрмұғаметпен келісім-шарт жасалды. Ардагер шабуылшы Айдос Тәттібаев та командада жаттығуда.
2024 жылдың соңында клуб эмблеманы өзгерту ниетін жариялады және тіпті жанкүйерлерінен жаңартылған логотиптің нұсқаларын ұсынуды сұрады.
«Ертіс» пен «Шахтер» егемен Қазақстанның тарихында 78 рет кездесіп, павлодарлықтар 40 рет, қарағандылықтар 18 рет жеңіске жеткен. 20 кездесу тең аяқталды. «Ертіс» кеншілерді 2005 жылы 6:1 есебімен жеңсе, 2019 жылы қарағандылықтар «ақ-көктерді» 4:0 есебімен ұтқан болатын.