Иранда шаңды дауыл тұрып, мыңнан астам адам ауруханаға түсті
Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинцияларында шаңды дауыл тұрып, салдарынан мыңнан астам адам ауруханаға түсті, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
IRNA агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада Систан мен Белуджистанда жел күшейіп, ұсақ шаң пайда болуына байланысты кемінде 1 191 адам медициналық көмекке жүгінген.
«Бір адам тыныс алу проблемаларынан болған асқынудан қайтыс болды», – деді провинцияның апаттарға қарсы күрес басқармасының басшысы Меджид Мохибби.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің басым бөлігі көру, тыныс алу және жүрек проблемаларына байланысты ем қабылдауға жүгінген.