«Ирина Кайратовнаның» павлодарлықтары Түркістандағы қысты бастайды
Қазақстанның рухани астанасында жерлестерімізден бөлек, басқа да өнерпаздар өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 желтоқсан күні Түркістандағы аттас аренада «Jinalike» фестивалі өтеді. Шараның хедлайнері «Ирина Кайратовна» шоуы болады. Топ жетекшісі Розовка ауылының тумасы Алдияр Жапарханов қала тұрғындары мен қонақтарын өз өнерін тамашалауға шақырды. Олардан бөлек «Түркістан-Аренада» Puza, Beckth & Tibo, Cactus.kk, Shulamah, Yenlik, ALPHA, A.Z, Zaq, Didar, De Lacure, Әнуар Әбдірайымов өнер көрсетеді.
Фестивальді ұйымдастырушылар бұл шараның жай ғана концерт емес екеніне сенімді.
«Бұл жастар мәдениетінің мерекесі, онда әрбір трек атмосфераны жарып, әрбір қонақ ауқымды музыкалық шытырман оқиғаның бір бөлігіне айналады. Керемет жарық, дыбыс және арнайы эффектілер шоу атмосферасына толықтай енуге мүмкіндік береді», - деп уәде береді «Jinalike» ұйымдастырушылары.
Фестиваль 1 желтоқсан күні сағат 18.00-де басталады. Фан-зонаның билеттері 8 000 теңге, ал трибуналар 6 000 теңге тұрады.