Павлодарда Ғашықтар күніне орай поэтикалық челлендж өтеді

Павлодарда Ғашықтар күніне орай поэтикалық челлендж өтеді
Фото: pixabay.com

Бейнеролик кітапхананың инстаграм мен фейсбук желісіндегі ресми парақшасында жарияланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың жастар креативтік шығармашылық орталығы «Мен ғашықпын…» атты поэтикалық челленджін жариялады.

—  15 сәуірде елімізде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні немесе Ғашықтар күні атап өтіледі. Олардың сезімдерінің сұлулығы мен күші, екі жүректің қалдырған махаббат нұры көптеген ақындар, драматургтер, суретшілерді шабыттандырды. Қазір де Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу махаббатының тақырыбы шынайы, кіршіксіз сезім үлгісі болып қала береді, — дейді ұйымдастырушылар. 

Махаббат туралы өлең оқып, бейнероликті телеграм арқылы 87006863199 нөміріне 15 сәуірге дейін жіберуге болады.